НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Ресейдің танымал әншісі Стас Михайловта коронавирус расталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Роспотребнадзор жасаған тест вирус жұқтырғанын растады деп хабарлады.
"Өзім осындай жағдайға тап боламын деп ешқашан ойлаған жоқпын. Өкінішке қарай, бұл рас. Роспотребнадзор сынамасы коронавирус жұқтырғанымды растады", - деп жазды әртіс.
Бұған дейін әнші төрт рет сынама тапсырғанын айтты. Екіжақты пневмонияға қарамастан, ол кезде тест теріс нәтиже көрсеткен. Кейін коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Әнші басы ауырмағанын, тұмауратпағанын жеткізді. Бірақ дене қызуы түспей қойған. Кейін тағы бір рет компьютерлік томографиядан өтіп, ауруханаға жеткізілді.
"Дәрігерге дер кезінде барып қаралу маңызды екенін түсіну керексіздер. Бұл өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға деген құрмет. Үйде емделудің керегі жоқ. Бізге қызмет көрсетіп жүрген дәрігерлерді аяуымыз қажет", — деді ол.
Стас Михайлов пандемия кезінде үйден шықпаған жөн екенін айтты. Қазір әнші ауруханадан шыққан, карантинде жатыр.
Наурыз айында Ресейдің халық әртісі Лев Лещенконың коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Ол да жазылып шықты.