Қоғам

Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына қатысты шешім қабылдады

Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бірқатар кәсіпорынның жұмысына қатысты шешім шығарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында кәсіпкерлік субъектілердің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Комиссия денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, әкімдердің ұсынысы негізінде бірқатар кәсіпкерлік субъектілердің жұмысына қатысты оң шешім қабылдады.

"Бірінші кезең аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында өз жұмысын бастайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін мемлекеттік комиссия 15 сәуірде бекітеді. Ал 20 сәуірде өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы белгілі бір секторлар жұмысқа кіріседі. Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт — санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау", – деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты. 

Асқар Мамин жұмыс басталатын мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі мен қызметкерлердің жұмыс орындарында ара қашықтықтың сақталуына қатаң бақылау жасауды тапсырды. 

Оқи отырыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашан ашылады - министр жауабы

Айта кетейік, отырыста байланыс желілері мен интернет жұмысын қамтамасыз ету, мұнай өнімдерінің экспортын реттеу және басқа да мәселелер қарастырылды.