Қоғам

Бас санитар ауруханаларда жасырын тексеруді бастады

Теміртау қаласындағы инфекциялық станционарда еліміздің Бас санитары коронавирусқа тән белгілерді айтып, денсаулығының нашарлағанына шағымданған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері ауруханалардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жасырын түрде тексеруге кірісті. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін бас санитарлық дәрігер Айжан Серікбайқызы Қарағанды облысына барды. Жол-жөнекей Теміртау қаласындағы инфекциялық станционарға кірген. Сөйтіп, өзін пациент деп таныстырды да, коронавирусқа тән белгілерді айтып, денсаулығының нашарлағанына шағымданған. Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін де айтты", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, инфекциялық станционардың мамандары адамның Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін естісе де, тиісті шараларды қолға алмады.

Оқи отырыңыз: Бас санитар кейбір балаларға карантин кезінде далаға шығуға рұқсат берді

"Олар сақтық шараларын сақтаған да жоқ. Оны қабылдау бөлімі арқылы өткізіп, дәрігердің қарауына жіберген. Жеке қорғаныс құралдарын өздері киген жоқ, қабылдау бөлімінде отырған пациенттерге де кисін деп айтпады", – деп атап көрсетті Бюрабекова.