НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 911 болды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Нұр-Сұлтанда - 11, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында тағы бір адамнан тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Соңғы мәліметке сәйкес, елде 86 адам індеттен жазылып шыққан. 10 адам көз жұмды:
- Нұр-Сұлтанда - 1;
- Алматы қаласында - 2;
- Шымкент қаласында - 1;
- Ақмола облысы - 3;
- Қарағанды облысы -;
- Павлодар облысы -1;
- Түркістан облысы - 1.