НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы бес адам коронавирус індетінін сауығып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"Нұр-Сұлтан қаласында 3 науқас, Атырау қаласында 2 науқас сауығып, ауруханадан шықты", - делінген хабарламада.
Сонымен, Қазақстанда коронавирус індетінен емделіп шыққандардың саны 86 адамға жетті: Нұр-Сұлтанда – 37, Алматы қаласында – 37, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1 Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау қаласында - 2.
Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адам болды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 238 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 11 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 8 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам.
Бұл дерттен Қазақстанда 10 адам көз жұмды.