Қоғам

Қазақстанда тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бойынша соңғы ақпаратты жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 

  • Қарағанды облысы - 2,
  • Ақмола облысы - 10,
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 5.

Осылайша, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 897 адамға жетті. 81 адам дерттен сауықты, 10 адам көз жұмды. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 238 адам, Алматы қаласында – 145 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 11 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 116 адам, Батыс Қазақстан облысында - 8 адам, Түркістан облысында - 36 адам, Қостанай облысында - 3 адам.