Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 10 адамға жетті

Алматыда 57 жастағы науқас көз жұмды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 808 адамға жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан оныншы адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Алматыда 57 жастағы науқас көз жұмды.

"Жағдайды ушықтырып аламыз": Тоқаев оңтүстіктегі жағдайға алаңдаушылық білдірді

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 808 адамға жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 226, Алматы қаласында 123, Қарағанды облысында 61, Ақмола облысында 61, Атырау облысында 47, Жамбыл облысында 45, Шымкент қаласында 31, Шығыс Қазақстан облысында 6, Алматы облысында 10, Ақтөбе облысында 11, Солтүстік Қазақстан облысында 25, Павлодар облысында 4, Маңғыстау облысында 9, Қызылорда облысында 105, Батыс Қазақстан облысында 6, Түркістан облысында 35, Қостанай облысында 3 науқас тіркелді.