Әлем

Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты

61 жастағы әнші карантин бұған дейін қол тимей жүрген шаруалармен айналысу үшін таптырмас уақыт деп отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Әлемге әйгілі италиялық әнші Андреа Бочелли коронавирустан қорықпауға шақырып, карантинде не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды The Guardian.

61 жастағы әнші карантин бұған дейін қол тимей жүрген шаруалармен айналысу үшін таптырмас уақыт деп отыр. 

"Балаларыңызға көңіл бөліңіз, отбасыңызда түсіністік болуы үшін қолдан келетін нәрсенің бәрін жасаңыз. Өйткені адамдар аз араласқандықтан, бір-бірін түсінбеуі мүмкін. Осы кезде жағдайды дұрыстауға болады. Кітап оқыңыз, музыка тыңдаңыз, коронавирустан қорықпаңыз, ол өтетін кезең", -  деді Бочелли.

Тенор Миландағы соборда концерт беруді жоспарлап отыр. Алайда концерт кезінде ғимаратта тыңдарман болмайды, кеш онлайн өткізіледі. 

Тағы оқыңыз: "Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты

"Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында танымал қазақстандық әншілер де өз көрерменін онлайн концерттермен қуантып жүр.