Қоғам

Қазақстанда паспорт пен жүргізуші куәлігін алу қымбаттады

Елімізде айлық есептік көрсеткіш көлемінің өсуіне байланысты бірқатар құжаттың бағасы қымбаттады
Sputnik

АЛМАТЫ, 9 cәуір – Sputnik. Қазақстанда бірінші сәуірден бастап бұған дейін 2 651 теңгеге тең болған айлық есептік көрсеткіш 2 778 теңге мөлшерінде бекітілді. Осындай өзгеріске байланысты құжаттарды ресімдеу бағасы да қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АЕК салық түрлері мен мемлекеттік баж секілді төлемдер, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін пайдаланылады.

Құжаттардың бағасы қалай өзгерді

  • Паспорт алу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК немесе 22 224 теңге
  • Жеке куәлік бағасы – 0,2 АЕК немесе 555,6 теңге
  • Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК немесе 3 473 теңге
  • Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК, яғни 1 389 теңге.

  • Некені тіркеу – 1 АЕК немесе – 2 778 теңге. Неке туралы куәлікті қайта беру – 1 389 теңге
  • Ажырасуға арыз берген кезде мемлекеттік баж құны – 2 АЕК немесе 5 556 теңге.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты карантин режимі енгізілмеген аймақтарда ғана қазір неке қиюға немесе ажырасуға өтініш беруге болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар бұдан былай жеке куәлікті өзімен бірге алып жүрмесе де болады