НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 704 адамға жетті, деп хабарлады жедел штаб.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өзгеріс болатынын айтты
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 4 адам", - желінген хабарламада.
Коронавирус: соңғы мәлімет
Індетті жұқтырғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан (222 адам) мен Алматы ( 119 адам) көш бастап келеді.
Қарағанды облысында - 55, Ақмола облысында - 42, Атырау облысы - 36, Жамбыл облысында - 45, Шымкент қаласында - 20, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Алматы облысында - 10, Ақтөбе облысында - 11, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 5, Қызылорда облысында - 69, Батыс Қазақстан облысында - 2, Түркістан облысында - 33, Қостанай облысында - 3, жалпы 704 науқас тіркелді.