НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирусқа қатысты жағдайды талқылады.
"Мемлекеттік хатшы Помпео мен президент Тоқаев COVID-19 пандемиясымен күресте АҚШ пен Қазақстанның берік ынтымақтастық орнатуы маңызды екенін атап өтті", - деп хабарлады мемлекеттік департамент.
Тоқаев пен Помпео екіжақты және халықаралық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыратындарын айтты.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Қазақстанның осал тұсын атады
Помпео Қазақстанда өңірлік орталық ашқан АҚШ-тың CDC санитарлық ведомствосы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.