АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Науқас 1929 жылы дүниеге келген.
Осылайша Қазақстанда індеттен көз жұмғандар саны жеті адамға жетті.
Бұдан бөлек, 8 сәуір сағат 13:45-тегі жағдай бойынша, инфекция жұқтырған тағы бес адам тіркеліп отыр.
"Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында– 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам", делінген хабарламада.
Республика бойынша 709 адам вирус жұқтырды.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 222 адам
- Алматы қаласында – 119
- Қарағанды облысында - 55
- Ақмола облысында - 43
- Атырау облысы - 36
- Жамбыл облысында - 45
- Шымкент қаласында -20
- Шығыс Қазақстан облысында - 6
- Алматы облысында - 10
- Ақтөбе облысында - 11
- Солтүстік Қазақстан облысында - 25
- Павлодар облысында - 1
- Маңғыстау облысында - 6
- Қызылорда облысында - 72
- Батыс Қазақстан облысында - 2
- Түркістан облысында - 33
- Қостанай облысында - 3.
Соңғы ақпарат бойынша, елімізде 53 адам аурудан айықты, жеті науқас қайтыс болды.