НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір - Sputnik. Ресейлік әнші Надежда Бабкина екіжақты пневмонияға байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның хабарлауынша, әртіс 1 сәуір күні ауруханаға жатқызылған. Аппарат тиімді жұмыс істеуі үшін әншіні жасанды комаға түсірген. Оның жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты екені хабарланып отыр.
Бабкинаның коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс болып шықты. Оған пневмония диагнозы қойылып отыр.
Тағы оқыңыз: Әнші сахнада ән айтып тұрған кезде көз жұмды
Айта кетсек, қазіргі уақытта әлемде 1 347 676 адамда коронавирус расталған. Ресейде 6 343, Қазақстанда соңғы мәліметке сәйкес, 670 адамға жетіп отыр.