НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында қар жауды. Желі қолданушылары видео бөлісіп жатыр, өңірде жолдар жабылды.
Синоптиктер болжағандай, 7 сәуір, сейсенбі күні Қостанайда қар жауып, ауа температурасы -1-3 градусқа дейін төмендеді. Желдің жылдамдығы орташа есеппен 12-23 м/с. Түнде 5-7 градус нөлден төмен болды.
Сондай-ақ, қазақстандықтар Атырауда да қар жауғаны туралы жазып жатыр.
Қостанай облысында қандай жолдар жабылды
Екатеринбург - Алматы, 444-540 километр (Федоровка - Қостанай);
Екатеринбург - Алматы, 555-686 километр (Тобыл - Сарыкөл);
Қостанай – Әулиекөл - Сұрған, 3-106 километр (Қостанай - Әулиекөл)
Мамлютка - Қостанай, 250-404 километр (Ұзынкөл - Тобыл);
Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный - Қостанай, 547-231 километр (Қостанай - Ақтөбе облысымен шекара);
Денисовка – Жітікара - Мүктікөл - Ресеймен шекара, 0-50, 82-174 километр (Денисовка - Ресеймен шекара).