Қоғам

Нұр-Сұлтанда қазақ, ағылшын тілі курстары тегін оқытылады

Онлайн оқу үшін тіл үйренушілерге интернетке қосылған дербес компьютер мен Skype бағдарламасы қажет
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қашықтан оқу жүйесі қатысушыларға жұмыс бөлмесінде немесе үйде отырып ыңғайлы уақытта тіл үйренуге мүмкіндік береді.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" орталығы мемлекеттік қызметшілерге, түрлі сала мамандарына, ересек адамдарға тіл үйрену курстарын қашықтан оқу платформасы арқылы жүзеге асырады.

"Бүгінде 1326 тыңдаушыға ZOOM, Whatsapp және т.б. қосымшалар арқылы қазақ тілінен онлайн курс оқытылуда. Сонымен қатар, 110 мемлекеттік қызметкер ағылшын тілінен онлайн курсқа қатысып жатыр", - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Ересек адамдарға білім берудің түрлі әдістерін қолдана отырып, тәжірибелі, білікті оқытушылар сабақ береді. 

Топта оқу мен сабақ кестесі өзіне тиімсіз деп санайтын ересектер үшін онлайн оқудың пайдасы орасан зор. Онлайн оқу үшін тіл үйренушілерге интернетке қосылған дербес компьютер мен Skype бағдарламасы қажет.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов неліктен қашықтан оқытудың сабақ кестесі болмайтынын түсіндірді

Оқу үдерісінде білім алушылардың деңгейі әртүрлі болуына байланысты, тіл үйренушілердің талабына, сұранысына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады. Мәселен, елорданың № 8, 10 емхана қызметкерлері қазақ тілін үйрену курсына  жұмыстан бос уақытта қатысса, Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарына "Қолжетімді орта құру" жобасы аясында ағылшын тілінен онлайн курсқа қатысады.