Қоғам

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар 685 адамға жетті, дертке шалдыққан үш мегаполис пен барлық облыста тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 

  • Қарағанды облысы - 7,
  • Жамбыл облысы - 5,
  • Қостанай облысы - 2,
  • Шымкент қаласы - 1.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша барлығы 685 адам дертке шалдықты. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы көш басында. Ал Павлодар облысында тек бір жағдай ғана тіркелді.

Коронавирустан алты адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтанда - 1, Шымкентте - 1, Қарағанды облысында - 1, Ақмола облысында - 2, Түркістан облысында - 1. Қырық жеті адам емделіп шықты.