Елордадағы аурухана неміс технологиясы бойынша жасалған модульдік блоктардан салынады. Бұл технология аурухана құрылысын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде халықаралық қауіпсіздік стандарттары сақталады.
Құрылысшылар ғимаратты үш аптаның ішінде салып бітіреміз деп жоспарлап отыр.
Аурухананы салуға елімізде науқастар санының артуы себеп болды. Кей науқас денсаулығының нашарлауына байланысты ұзақ уақыт емделуі мүмкін.
Мұндай аурухана Алматы мен Шымкентте де салынып жатыр. Толығырақ біздің видеодан көре аласыздар.