НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Алтыншы сәуір күні Жамбыл облысында індетке шалдыққан тағы бір науқас тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
5 сәуірде ер адам өткір респираторлық вирустық инфекция белгілерімен провизорлық стационарға жатқызылған. Коронавирусқа тапсырған лабораториялық талдау оң нәтиже көрсетті.
Коронавирус жұқтырған пациент – Нұр-Сұлтан қаласының 1992 жылғы тұрғыны. Өз көлігімен Тараз қаласында тұратын ата-анасына келген.
Науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырды
Мекенжай ошағы мен ер адамның барған жерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Республикада науқастардың жалпы саны 629 адамға жетті, оның ішінде отыз бесі Жамбыл облысында тіркелген.
7 сәуірден бастап Тараз қаласы карантинге жабылады.