НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма адамда коронавирус расталды. Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында бір адамнан, Маңғыстау облысында - 2, Қарағанды облысында - 16 адам тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
Барлығы елде 604 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды:
- Нұр-Сұлтан – 219,
- Алматы – 116,
- Қарағанды облысы - 48,
- Қызылорда облысы - 37,
- Жамбыл облысы - 29,
- Атырау облысы - 29,
Түркістан облысы - 28, - Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
- Ақмола облысы - 23,
- Шымкент - 14,
- Ақтөбе облысы - 11,
- Алматы облысы - 10,
- Шығыс Қазақстан облысы - 6,
- Маңғыстау облысы - 5,
- Батыс Қазақстан облысы - 2,
- Павлодар облысы - 1,
- Қостанай облысы - 1.