Өңірлер

Қарағандыда қоқыстан жаңа туған сәби табылды

Дәрігерлер бір айлық сәбидің денсаулығын тексеріп шықты, дене жарақаттары жоқ, нәрестенің анасы табылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қарағандыда үйлердің біріндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды. Полицейлер үш күннен кейін нәрестенің анасын тапты.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, 3 сәуірде Қарағандының Октябрь ауданында үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен бір айлық сәби табылды.

Жедел жәрдем дәрігерлері қыздың денсаулығын бірден тексеріп шықты, дене жарақаты жоқ.

"Полиция департаментінің басшылығы нәрестенің анасын анықтау үшін жедел тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылды", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінен.

Тағы оқыңыз: Семейде екіқабат келіншек сұмдық жағдайды бастан кешірді

Дүйсенбі, 6 сәуірде полицейлер нәрестенің 22 жастағы анасын тапты.

Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.