Өңірлер

Карантинге жабылған үйде қалып қойған ақтаулық үндеу жасады - видео

Ер адам дүрбелең жағдайды одан сайын қиындатады деп отыр. Ол қазіргі карантинде отбасымен бірге отырғанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Үйінің кіреберісі толықтай карантинге жабылған ақтаулық тұрғындарға үндеу жасады. 

Павел Худяков толықтай жабық жерде өмір сүру қиын екенін айтты.

"Мен саяхаттағанды ұнатамын, үйге тек ұйықтауға келетінмін", - деп жазады Lada.kz Павел Худяковтың сөзін келтіріп.

Ер адам дүрбелең жағдайды одан сайын қиындатады деп отыр. 

"Біз мұның бәрін қабылдауымыз керек. Қытайдағыдай тәртіптің арқасында вирусты жеңе аламыз. Үйде отыру керек. Залалсыздандыру шаралары да нәтижесін береді. Қазір отбасыммен бірге уақытта жақсы өткізіп жатырмын", - деді Худяков бейнеүндеуінде.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші COVID-19 індетіне қарсы күреске миллион доллар берді

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 3 адам коронавирус жұқтырған. Елде індетке шалдыққандар саны 569-ға жетті. 36 адам жазылды, 6 адам көз жұмды.