НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"Алматы қаласында 16, Атырау облысында 2, Солтүстік Қазақстан облысында 7 , Жамбыл облысында 1, Шымкент қаласында 1, Түркістан облысында 4, Маңғыстау облысында 1, Қарағанды облысында 4 науқас анықталды", - делінген хабарламада.
Түркістан облысында бір адам коронавирустан көз жұмды. Осылайша елімізде індеттен қайтыс болғандардың саны 4 адамға жетті.
Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 500 адам коронавирус жұқтырды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 202,
- Алматы қаласы – 109,
- Шымкент қаласы – 12,
- Ақмола облысы – 19,
- Ақтөбе облысы – 7,
- Алматы облысы – 9,
- Атырау облысы – 22,
- Шығыс Қазақстан облысы – 4,
- Жамбыл облысы – 9,
- Батыс Қазақстан облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 26,
- Қостанай облысы – 1,
- Қызылорда облысы – 26,
- Маңғыстау облысы – 3,
- Павлодар облысы – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
- Түркістан облысы – 23.