Қоғам

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді
Sputnik

АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді.

"Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. Біз біргеміз!", - деп түйіндеді Тоқаев.

Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео 

Айта кетейік, карантин кезінде Италияда басталған музыкалық флешмобтан қазақстандықтар да тыс қалмады. Кеше астаналықтар бір уақытта балконға шығып, әнұран айтты.