Әлем

Ресейде коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест шықты

Бұл тест Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ресей денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Ресейде COVID-19 коронавирус инфекциясын анықтауға арналған жаңа тест жүйесі шықты. Ал оны өндірумен "ДНК-Технология" компаниясы айналысатын болды, деп хабарлайды РИА Новости.

"COVID-19 індетіне қатысты диагноз қоятын тест жүйесі құтыдағы вирустың 10 данасын табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл тест жинағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ресей денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келеді", – делінген компания хабарламасында.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, 3 сәуірден бастап күн сайын 200-400 тест жиынтығы шығарылады. Содан кейін күніне 1 мың жиынтық шығаруға кіріседі. Бұл шамамен 100 мың зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Ресей коронавирус диагностикасына арналған тест-жүйелерді Қазақстанға берді

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 453 адамға жетті. 29 науқас сауығып шықты. Үш адам қайтыс болды.