Мұнай бағасын тұрақтандырудың тетігі қандай

Мұнай бағасының болашағын талқылау әлі де өзекті. Әрине, қазіргідей сұраныс құлдыраған жағдайда сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін баға көрсетпейді
Sputnik

Көп жағдайда сатып алушылар өздерінің қоймаларын өте арзан бағамен толтыруға деген ниетімен анықталады. Өйткені, қазіргі мұнай бағасы көптеген өндірушілер үшін, тіпті қысқа мерзімді операциялық шығындарын да өтемейді. Ғаламдық сұраныстың төмендеуі бойынша бағалау әртүрлі болып келеді. Жақында сәуір айына арналған болжамдар тәулігіне 15-20 миллион баррельге төмендейді деп болжанды.

Бұл әлемдегі күнделікті тұтынудың шамамен 15-20%. Ал енді 25 миллион туралы әңгіме айтылуда. Осыған байланысты, сақтау қоймаларындағы мұнай қанша апта немесе неше айға жететіндігі талқыланып жатыр. Өйткені, бұл толтыруларды ең болмағанда, бағаны ұстап тұрумен "байланыстыруға" мүмкіндік береді, деп жазады сарапшы Александр Собко.

Мұнай мен газ бағасы мың құбылды: жағдай қалай өзгереді
Мұнай бағасы текетіресінде өндіріс көлемінің күрт артуы туралы болжауға ешқандай негіз жоқ деп айтуға толық негіз бар (бұл туралы кейбір өндірушілер "ОПЕК + келісімін" бұзғаннан кейін мәлімдеді). Сонымен қатар, осы қосымша көлемдерді сату қиынға соғады және қазіргі жағдайда мұндай қадамдар орынсыз. Оған қоса, жеткізілім көлемінің төмендеуін күту де мүмкін емес. Оның үстіне қазір нарықтың кейбір қатысушылары өз үлестерін сақтап отырғаны айқын әрі технологиялық процестерді тоқтату мүмкін емес.

Әзірге тақтатас мұнайын өндірушілері тарапынан қандай да бір жолмен жеткізілімге қатысты ұсыныстың шеті шыққандай: өйткені, апта ішінде АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының саны 40 бірлікке (664-тен 624-ке дейін) азайды. Алайда, мұның әсері өндірісте бірден байқалмайды. Сауд Арабиясы мамыр айында тәулігіне қосымша 600 мың баррель экспорттайтынын жариялады. Бұл ірі мұнай өндірушілердің жаңа келісімінің бір қыры болса керек, өйткені мәміле жайлы толық мәлімет әлі де күн тәртібінен тыс қалып отыр.

Ал "ОПЕК + келісімінің" құлдырау себептері өте аз талқыланып жатыр. Коронавирус індеті карталарды араластырып жіберді десек те болады. Оның үстіне бұл жағдайда кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін түсіну қиын әрі ол соншалықты да маңызды емес. Қазір біз көріп отырған сұраныстың төмендеуі (наурыз айының басында Сауд Арабиясы күніне 1,5 миллион баррельге қосымша шектеуді талап етіп, кейіннен бұл келісімді бұзған) ешқандай келісімді өтей алмайтыны түсінікті.

Дегенмен, мұнай нарығын тұрақтандыру мәселесі бәрібір күн тәртібінде тұр. Жартылай парадоксалды түрде – ірі өндірушілер арасындағы жаңа келісім бір ай бұрын жасалғаннан да маңызды бола бастайды. Олай етпеген жағдайда бағаны қысқа мерзімде түзету мүмкін емес.

Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді

Қарапайым есептеулерге сүйенсек: екі айдың ішінде миллиард баррельден астам мұнайды қоймаларға құяйық (айталық, күніне 20 миллионнан 50 күн – бұл жерде жеткілікті орын болуы керек). Ал енді осы көлем келесі жылға күн сайын үш миллион баррельге жуық қосымша жеткізілімді қамтамасыз ете алатындығын білдіреді. Бұл дағдарысқа дейінгі сұраныс пен шектеулі өндіріс көлемін толықтай қалпына келтіретін оптимистік жағдай (ОПЕК+ келісімі бойынша).

Жоғарыда айтылғандардан түсінікті болатын әрі негізгі нұсқа – яғни мұнай өндірушілер арасында жаһандық келісім түріндегі "аққуды" болмаса да –  бақылаушылар бағалардың жылдам қалпына келмейтінін көреді (жыл соңына дейінгі баға деңгейі барреліне 40 долларды көрсетуде). Тіпті, алдағы апталарда карантиндік шаралар аяқталса да.

Теориялық тұрғыда бізде екі нұсқа бар. Біріншіден, "нарықтың көрінбейтін қолы" – артық өндіріс баға төмендеуіне ықпал етеді. Ал мұндай жағдайдан кейін инвестицияның жеткіліксіздігі тапшылыққа ұласып, кең ауқымда бағаның өзгеруіне әкеледі. Екіншіден, ОПЕК пен ОПЕК + немесе одан да кең коалиция шеңберіндегі реттеуші механизмдер мүмкіндігі.

Жақында тағы да талқыланған нәрсе – біз қалаған сценарий, бірақ әлі де жорамал ретінде оқиғалардың дамып келе жатқан ықтималдығы болуда. Еске сала кетсек, дүйсенбіде Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесу аясында энергетика министрліктері арқылы мұнай нарығында консультациялар өткізуге келісті. Техас мұнайшылары Теміржол комиссиясынан (шын мәнінде, бұл мемлекеттің мұнай нарығын реттеуші, тарихи деректер бойынша солай) қара алтын өндіруге шектеулер қарастыруды сұрады.

Шынында да, сұраныстың төмендеуінен келетін соққының ауқымы теңдессіз. Мұнай бағасының құлдырауы 90-жылдардың соңы – 2000 жылдардың басында орын алған, бірақ бұл номиналды түрде болған. Ресми инфляцияның өзінде олар бір жарым есе төмен. Сонымен қатар, соңғы 20 жылда қорлардың сапасы күрт төмендеп, яғни бүкіл әлемде мұнай өндірудің өзіндік құны өсті.

Оқи отырыңыз: Посткеңестік елдерге мұнайдың төмен бағасы қалай әсер етеді

Ауыр сұрыптары үшін бағалар, әдетте, теріс болды немесе жеткізу нүктесінде доллар бірлігіне жақын болды (оның мәнісі мынада: бұл мұнайдың сапасы төмен, сондықтан ол классикалық биржалық маркаларда жеңілдікпен бағаланады, сондай-ақ шикізат құнымен қоса алғанда тұтыну орындарына қымбат тасымалдануын есептегенде, өндіріс нөлге жақындап қалады).

Тіпті, көптеген компаниялардың операциялық шығындарының өзі қазіргі бағадан сәл төмен. Мұндай компанияларға қалай жауап беру керек? Өндірісті қысқарту керек пе? Баға деңгейі қажетті көрсеткіштен қалай асып түссе, оны солай ұлғайту керек (айталық, 30 доллардан)? Бұл шығынға жұмыс жасау ма? IHS Markit болжамына сәйкес, әлемдік мұнай өндірісі сәуір-маусым аралығында күн сайын он миллион баррельге дейін қысқартылуы мүмкін.

Оның толық құны туралы (капитал шығындарын ескере отырып) айтудың қажеті жоқ. Компаниялар болашақ инвестициялардың ондаған миллиард долларға қысқаратыны туралы жариялады.

Қайталап айтайық, бұл ұзақ уақыттық баға соғысы ғана емес, тепе-теңдікті ұзақ уақыт бойы қалпына келтіру нұсқасы болуы мүмкін. Алайда, қазір жаңа келісімдер қажет емес сияқты көрінеді. Бірақ ол қандай жағдайда?

Бір ай бұрын "ОПЕК + келісімінің" негізгі талабы қандай болғанын еске түсірейік. Оның қатысушылары мұнайға жоғары бағаны (бір баррель үшін 60-65 доллар) ұстап тұру үшін өндіруді төмендетуді қолдап, нарықтағы үлесті басқа өндірушілерге, ең алдымен америкалықтарға берді.

Мұнай бағасы мен баламалы энергетиканың құлдырауы кімге пайдалы
Бақылаушылардың бір бөлігі осы келісімді сынға алғанымен, екінші бөлігі шамалы қысқартулар үлкен пайда әкелуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Қалай болғанда да бұл қазір қолданылуы керек, содан кейін нәтиже көріне бастайды.

Бұл жағдайда ортақ ымыраға келу мүмкін болмады және орта деңгейге нақты жол берілмеді. Негізгі өндірушілер арасындағы келісімді сақтағанмен, өндірісті шектеудің осындай параметрлері баррель үшін 50-55 доллар деңгейінде болар еді. Мұндай жағдайда "тақтатастықтардың" (тақтатас мұнайын өндірушілердің – Sputnik Қазақстан) өсуі болмайды. "ОПЕК + келісімі" мен барреліне 60-70 доллар деңгейіндегі баға құрғанын жетістік ретінде балап, "сәттіліктен бас айналу" туындатқанын мойындауымыз керек сияқты.

Егер мәселе, тек тақтатас мұнайында болса, онда қазіргі саясатты бірқатар ескертпелермен жалғастыруға болады. Ақыр соңында, тақтатас қорлары сапасының уақыт өткен сайын құлдырауымен қатар, біз америкалық өндірістің тұрақтанғанын байқайтын едік.

Бұл жерде "ОПЕК + келісімі" құлдырағаннан кейін ресейлік ресми өкілдер сұхбатында атап өткен тағы бір себеп бар. Қымбат бағалы нарыққа тақтатас мұнайынан басқа өндірушілер де, ең алдымен, теңіздегі мұнай өндірісі де кіре бастайды. Олардың тақтатас жобаларынан айырмашылығы, бұл жобалар ұзаққа созылған – капиталдық шығындардан кейін баға төмендеп, тіпті, шығынға кірсе мұнай өндірілетін болады. "Оларды" алты айға немесе бір жылға созылатын баға соғысы арқылы тоқтату мүмкін емес.

Коронавирус сұранысты бұрын-соңды болмаған құлдырауға ұшыратты. Қазіргі жағдайдың кемшіліктерін ескере отырып, ол барлығының бір келісімге келуіне ерекше мүмкіндік ашады.

Оқиғалардың қазіргі дамуы нарықтың барлық қатысушылары үшін қолайсыздықтар тудырады. Тақтатас өндірушілері қысымда отыр. Ірі мұнай өндіруші ТҰК-лар капиталдандырудың жартысынан көбін жоғалтты және өздерінің инвестициялық бағдарламаларын (және барлық ұзақ мерзімді стратегияларды) қайта қарастыруда. Айтпақшы, бұл тізбектің бойында сұйытылған табиғи газ өндірісі де тұр. Бірнеше күн бұрын, Shell америкалық Lake Charles СТГ жобасынан шығатынын жариялады (жұмыс істемеген жоба, енді ғана дайындалып жатқан).

Сауд Арабиясы және Ресей: мұнай саласында не болып жатыр
Коронавирус ОПЕК +-тің төмендеуі туралы ескі пікірталастарды да жоққа шығарды. Бірақ ол мәмілеге қатыспайтын мұнай өндірушілер тек жоғары бағаның артықшылықтарын пайдаланады деген мәселені күшінде қалдырды. Ал жаңа жағдайдағы минималды бағдарлама – бұл "үлкен үштік": Ресей, ОПЕК және АҚШ келісімдері. Максималды бағдарлама – бұл басқа өндірушілерді, мүмкін елдер арқылы емес, белгілі бір компаниялар арқылы тарту.

Бірақ мұнай бағасын болжау – абыройсыз іс. Жаңа келісім туралы пікірталастарды қабылдау жағымды және оңай. Сценарийдің кері әсерін де ұмытпаған жөн ("әрқайсысы өзі үшін", баяу қалпына келтіру). Мұнай – бұл оң және теріс бағыттағы оқиғалар дамуының әртүрлі нұсқаларын ескеретін қажет тақырып. Қазіргі қара алтын бағасының 1998 жылғы деңгейге түсуі – осы сөзімізге нақты мысал бола алады. Өйткені, бір ай бұрын бұл мүмкін еместей болып көрінген.