Өңірлер

Павлодар облысында екінші адам вирус жұқтырды деген ақпарат дұрыс болмай шықты

Коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша күнделікті зерттеулердің көп болуына байланысты науқастың анализдері Павлодар облысына жіберілген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында екінші адам коронавирус жұқтырды деген ақпарат дұрыс болмай шықты. Денсаулық сақтау министрлігі науқастың Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Науқас қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бірақ коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша күнделікті зерттеулердің көп болуына байланысты науқастың анализдері Павлодар облысына жіберілген еді. Осыған байланысты біз қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирустық аурудың 1 жағдайы ғана тіркелгенін растаймыз", – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы жақсарды

Министрлік ұсынған ресми дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта республикада 336 адам коронавирус жұқтырған: Нұр-Сұлтан қаласында – 176, Алматыда – 82, Қарағанды ​​облысында – 13, Атырау облысында – 13, Ақмола облысында – 10, Жамбыл облысында – 3, Шымкентте – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 8, Ақтөбе облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 18, Батыс Қазақстан облысында – 2.