АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер коронавирусқа қарсы күрес кезінде бірлесе әрекет етеді. Елдер ақпарат алмасатын болады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Ведомство алдағы уақытта тиісті органдар арасында денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты байланыс орнатылатынын хабарлады.
"Өзара көмек көрсету мәселесі, гуманитарлық, одаққа мүше елде тауар тапшылығы болған жағдайда коммерциялық тауар жеткізу жайы пысықталады. Қажеттілігі жоғары тауарларды жеткізуге мәселесіне жауапты лауазымды тұлғалар бекітіледі", - деді комиссиядағылар.
Сондай-ақ, одақ аумағына пандемия кезінде баж салығынсыз енгізілетін тауар тізімін кеңейту туралы шешім қабылданды.
"Коронавируспен күресуге бағытталған шешім кезектен тыс талқыланып, он күн ішінде күшіне енеді (ЕАЭО келісімінде қарастырылған болса бұдан аз мерзім). Елдер үкіметі коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды жалғастырады. Сондай-ақ, пандемия уақытында экономиканың дамуына жағдай жасау жұмысы жүзеге асырылады", - деді Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері.