Қоғам

Ақмола облысы карантинге жабылады

31 наурыздан бастап Ақмола облысы карантинге жабылады, бұл аймақта он бір адам қауіпті вирусты жұқтырған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. 31 наурыздан бастап Ақмола облысы карантинге жабылады, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Жедел штаб облыс аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Жаңа режим 31 наурыз сағат 19.00-де күшіне енеді.

Тұрғындар нені білуі тиіс

  • облыс аумағына азаматтар мен көліктің барлық түріне кіріп-шығуға тыйым салынады. Тек азық-түлік автокөлігі мен транзиттік жүк көліктеріне ғана кіруге рұқсат;
  • ірі сауда орталықтары (олардың ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда), саябақтар, моншалар, шипажай-курорт нысандары, сұлулық салондары, шаштараз, азық-түлік, автокөлік, басқа да заттар мен құрылыс базарлары жұмысын уақытша тоқтатады;
  • қоғамдық тамақтану орындары жабылады. Олар азаматтарға тапсырыс жеткізу режиміне ауысады;
  • дәріханалар мен дәріхана киосктері жұмысын жалғастырады;
  • өңір тұрғындарына қатты қажеттілік болмаса, үйден шықпауға, маска мен бір реттік қолғап киюге, антисептик қолдануға кеңес берілді;
  • жасы 65-тен асқан адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы тиіс.

Карантинге жабылған қалалар мен облыстар

Қазақстанда Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Коронавирус жұқтырған науқастар саны ең көп осы екі мегаполисте тіркелген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

Сонымен қатар, Ақтау, Атырау және Қарағанды облысының бес қаласы (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск) карантинге жабылды.

31 наурыздан Қостанай облысы өз шекарасын жабады. Бұл өңірде әзірге індетке шалдыққандар жоқ.

Сондай-ақ Ақтөбе облысына кіруге тыйым салынады.