Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті

29 наурыз 11:30-дағы жағдай бойынша республикада коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы жиырма екі адам індетке шалдықты, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

"29 наурыз сағат 11:30 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам", -делінген хабарламада.

Республика бойынша індет жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкімет дәрігерлерді ертең жақсы жаңалықпен қуантатынын айтты

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам тіркелді.