Өңірлер

Қазақстандағы тағы бір қала карантинге жабылады

30 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты Атырау қаласының карантинге жабылатыны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Наурыздың отызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы карантинге жабылады. Бұл туралы Қазақстандағы коронавируспен күрес жөніндегі IT-штабтың ресми каналы хабарлады.

Атырау облысында алты адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, төрт науқастың 21 адаммен байланыста болғаны анықталды. Олардың бәрі сынама тапсырды, вирус жұқтырмаған. 14 күн бойы карантинде болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

Бұған дейін Атырау облысында коронавирусты жұқтырған алтыншы адам - медбике екені белгілі болды. 

Қазіргі уақытта астана, Алматы және Шымкенттің тұрғын үй алабы карантинге жабылған болатын. 30 наурыздан бастап Ақтау, Атырау және Қарағанды облысындағы бес қалада карантин енгізіледі.