Әлем

Ресей шекарасын жабады

Ресей шекарасы арқылы қозғалыс 30 наурыздан бастап шектеледі. Шекарадан тек бірнеше санаттағы адамдар ғана өте алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Коронавирусқа байланысты Ресей шекарасындағы автокөлік, теміржол, жаяу жүргінші, өзен және аралас өткізу бекеттері арқылы, сондай-ақ Ресей-Беларусь шекарасының құрлықтағы учаскесі арқылы қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей көлік министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп 30 наурыз мәскеу уақытымен 00.00-ден бастап Ресейдің мемлекеттік шекарасындағы автокөлік, теміржол, жаяу жүргінші, өзен және аралас өткізу бекеттері арқылы, сондай-ақ Ресей-Беларусь мемлекеттік шекарасының құрлықтағы учаскесі арқылы қозғалысты уақытша шектесін", - делінген өкім мәтінінде.

Тағы оқыңыз: Путин Ресейде бір апта демалыс жариялады

Құжатта, сондай-ақ, шектеуге қарамастан мемлекеттік шекараны кесіп өте алатын азаматтардың санаты көрсетілген. Олардың арасында Ресей СІМ дипломатиялық қызметкерлері, Ресей консулдық мекемелері мен дипломатиялық өкілдіктерінің, Ресейдің халықаралық ұйымдар жанындағы ресми өкілдіктерінің қызметкерлері және тағы басқалары бар.