НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы төрт адам індетке шалдықты, науқастар саны 208-ге жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"28 наурыз сағат 20:25-тегі жағдай коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам, Қарағанды облысында - 3, Атырау облысында 1 адам тіркелді", - делінген хабарламада.
Осылайша қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны республика бойынша 208 адамды құрап отыр.
Тағы оқыңыз: Коронавирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туып отыр – министр
Он бес адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.
- Нұр-Сұлтанда - 117 адам
- Алматы қаласында – 58 адам
- Қарағанды облысында – 7 адам
- Ақмола облысында - 5 адам
- Атырау облысында - 5 адам
- Жамбыл облысында -3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.