Қоғам

Коронавирус жұқтырған тағы бір науқас жазылып шықты

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 індетінен сауығып кеткен 14 адам бар, індеттен бір әйел қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы жедел штабтың мәліметінше, Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылды.

Осылайша, Қазақстандағы соңғы мәліметке сәйкес, 14 адам сауығып кетті: 12 адам Нұр-Сұлтанда және 2 адам Алматыда.

26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда індеттен бір әйел қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 204 адамға жетті

Елімізде науқастардың саны 204 адамға жетті, оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 117,
  • Алматы қаласында – 58,
  • Қарағанды қаласында – 4,
  • Шымкент қаласында – 2,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Алматы облысында – 4,
  • Ақтөбе облысында – 1,
  • Атырау облысында – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,
  • Жамбыл облысында – 3,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1.