Өңірлер

Мысырдан келгендер карантиннен бас тартты: құтқарушылар балконнан кірмек болды

Шетелде демалып, елге оралған Шахтинск тұрғындары ауруханаға барғысы келмей, үйде өздерін "оқшауламақ" болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Мысырдан оралған Шахтинск тұрғындары полиция мен дәрігерлерді табалдырықтан аттатпады. Құқық қорғаушылар құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға 25 наурызда Шахтинск қаласында болған.

"Мысырдан ұшып келген адамдар қажетті медициналық тексерістен өтуден бас тартып, полиция мен медицина қызметкерлеріне есікті ашпады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төртінші қабатта орналасқан пәтердің балконына автосаты орнатты. Осыдан кейін үй иелері сыртқы есікті өз еркімен ашты", - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.  

Азаматтар сапардан кейін карантинде отырғысы келмей, үйде өздерін оқшауламақ болған.

Оқи отырыңыз: Абаев карантинде жатқан әйелдің бұрынғы күйеуі не істегенін айтып берді 

Қарағанды полиция департаменті тұрғындардың ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты оқиға орнына полиция жасағы мен учаскелік полиция қызметкері шақырылғанын атап өтті. Төтенше жағдай режимі кезіндегі заң бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіргеннен кейін, отбасы Қарағандыға өз еркімен карантинге баруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда төрт адам коронавирус жұқтырды. Жалпы республикада – 124 адам.