НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Елордадағы "Әлем" сауда орталығында әйел қайтыс болды. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға астаналық полиция департаменті растады.
"Иә, бүгін қайтыс болды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ", - деді полицияда.
Әйелдің неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Департамент толық ақпаратты кейінірек береді.
Бұған дейін мессенджерлерде астанада әйелдің өлімі туралы ақпарат тараған болатын.
Тағы оқыңыз: Коронавирустан көз жұмған қазақстандыққа қатысты тың ақпарат жарияланды
Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Sputnik Қазақстанға 103 нөміріне қоңырау 27 наурыз 12.09-да түскенін айтты. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 12:11-де жетті.
"Өкінішке қарай әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Өлімнің себебі белгісіз", - деді басқармада.