НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 135-ке жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"27 наурыз сағат 19:05 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тiркелді", -делінген хабарламада.
Осылайша індетке шалдыққандар саны 135 адамға жетіп отыр.
Тағы оқыңыз: Маңғыстау облысында бір адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 69 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам тіркелді.
Айта кетсек, қазір республика бойынша төрт пациент қауіпті вирустан емделіп шықты. Олардың арасында 12 жастағы қыз бар.
26 наурыз күні таңертең бір адам коронавирустан көз жұмды. Ол астана іргесіндегі Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны.
16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз тәулікке созылады. Ал астана мен Алматы карантинге жабылды.