НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған ер адам ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда арнайы операция өткізген, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген адам ұсталды.
"Ол "ДАИШ"* халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанып, астана аумағында теракт дайындады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Тергеу кезінде күдіктіден қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары (терроризм актісіне дайындалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"ДАИШ"* - Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым