НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында бірнеше автовокзал жабылды. Тұрақты ауданаралық рейстер саны 50%-ке азайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Уақытша жабылғандар:
- Леңгір қаласындағы "Тау жұлдызы" автовокзалы;
- Жібек жолы елді мекеніндегі "Дархан";
- Түркістан қаласындағы "Түркістан орталығы" және "Яссы".
9 автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды:
- Кентаудағы "Транзит сервис";
- Арыс қаласындағы "Арыс";
- Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі "Сайран Жібек жолы";
- Сарыағаш қаласындағы "Сарыағаш";
- Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі "Нәлібек", "Сау Бол";
- Жетісай қаласындағы "Жаз";
- Түркістан қаласындағы "Мерей" және "Алтын орда".
Тағы оқыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.
26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.