НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз – Sputnik. Мұнай нарығындағы құлдырау мен АҚШ-тағы тақтатас компанияларының проблемалары америкалық саясаткерлерді де, елдегі мұнай компанияларын да ерекше шешімдер іздеуге мәжбүрлеп жатыр, деп жазады РИА Новости.
Ағылшынның: "егер сіз біреуді жеңе алмасаңыз – жеңімпаздарға қосылыңыз" деген қанатты сөзінде форс-мажор жағдайында қалғандар үшін оңтайлы іс-әрекеттің нақты шешімі берілген. Егер осы сөзді халықаралық мұнай нарығындағы бүгінгі шындыққа қолданатын болсақ, Сауд Арабиясымен және Ресеймен баға соғысында жеңіске жету мүмкін болмайтындықтан немесе жеңіс тым қымбатқа түсетіндіктен жеңімпаздарға қосылу қисынды болар еді. Дәл осыған байланысты, мұнай нарығының америкалық мемлекеттік реттеушісі (дәлірек айтсақ, тақтатас мұнайы өндірісіне жауап беретін реттеуші) ойламаған жерден ОПЕК өкілдерімен байланысқа шықты. Мұнымен қоса, келіссөз үстеліне америкалық тараптан әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру жоспары қойылды.
Мұндай жоспарды жүзеге асырғанға дейін ол алыс және өте күрделі (көпжақты) келіссөздер мың рет сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда практикалық деңгейде әлемдік нарықтағы негізгі табыскерлерінің бірі шатқаяқтағаны маңызды: америкалықтар, ең болмағанда, мұнай бағасының өсуі үшін өз үлесін беру мүмкіндігін талқылауға да дайын.
Райан Ситтон америкалық келіссөз жүргізуші ретінде (солай сияқты) Bloomberg іскери ақпарат агенттігі арқылы мұхиттың арғы бетіндегі серіктестердің келіссөздерінің бастапқы ұстанымы туралы: "Егер пандемия деңгейімен салыстырғанда Сауд Арабиясы өндірісті он пайызға қысқартуға дайын болса, Техас та теориялық тұрғыда өндірісті он пайызға азайта алады. Ресей де солай етуге дайын. Бұл нарықты дағдарысқа дейінгі деңгейге (тек, біршама көп мұнай өндірілген) алып келеді" деп мәлімдеді.
ХХ ғасырдан бері АҚШ билігі мұнай өндірісіндегі олигополиялармен күресіп, америкалық мұнай компанияларының өз арасында, тіпті шетелдік кеншілермен де үлестіре алмады. Десек те, Ситтон америкалық өндірісті қаламның соққысымен азайтуға мүмкіндік беретін мемлекеттік құрылым көшбасшыларының бірі болып табылады әрі мұны жасауға оның құқығы бар. Бұл мемлекеттік құрылым "Техас темір жол комиссиясы" (The Railroad Commission of Texas) деген жалған атау иеленген және ол XIX-ғасырда көлік нарығын басқарғаннан бастап, қазіргі уақытта да АҚШ аймағындағы негізгі тақтатас мұнайы өндірісін реттейді. Ситтон мырза осы құрылымның комиссары болып табылады және өзінің айтуынша ол ОПЕК-те келіссөздер жүргізу үшін ресми түрде шақырту алған. Кейбір америкалық саясаткерлер мен мұнай компаниялары өндірістегі кез-келген шектеулерге қатты қарсылық білдіріп, сот процесінде де осылай етуі мүмкін.
Бірақ Техас штатының реттеушісі олардың келісімінсіз және ешқандай жаңа ережелер мен нормативтерсіз-ақ шешімді тізеге салып қабылдай алады. Өйткені, ол (Техастағы реттеуші) біріншіден, ілеспе газды жағуға арналған рұқсаттарды береді, мерзімін ұзартады (және күшін жоя алады): көптен бері экологтар да, кейбір экономистер де бұған тыйым салуы керек деп талап етіп келе жатса да, америкалық тақтатас компаниялары бұл практиканы жаппай қолданады. Тақтатас мұнайын өндірушілердің өнімін ұлғайту немесе ұстап тұру үшін мұнаймен бірге өндірілетін газ жағылады, ал америкалық мамандандырылған журналистер ұңғы неғұрлым үлкен болса, одан шығатын газ көлемі соғұрлым артатындығын айтады. Егер осы тәжірибеге рұқсат беру шектелсе немесе толығымен тоқтатылса, онда тақтатас өндірісі пропорционалды түрде азаяды және бұл экологтар үшін табысты қадам болады.
Екіншісі, әлдеқайда дөрекілеу әрі қатаң әдіске жататын жартылай тоқтау кранын қолдануға ұқсайды. Егер Техас ОПЕК-пен келісетін болса, онда бұл төтенше жағдай ретінде танылады және оны қолдануға болады: ал жоғалған өндірістің орнын толтыру үшін тақтатас компаниялары үнемі жаңа ұңғымаларды бұрғылауы керек. Бірақ олардың әрқайсысына рұқсатты сол комиссия береді. Егер бұл процесс бөгеліп қалса немесе жай ғана баяуласа, онда ескірген ұңғымалардағы өндіріс көлемінің төмендеуі тұтастай алғанда өндірістің табиғи және едәуір тез төмендеуін қамтамасыз етеді.
Bloomberg техастық комиссия мен ОПЕК келіссөзшілерінің кездесуі маусым айында жоспарланғанын әрі комиссияның ықпал ету мүмкіндігі бар деп мәлімдейді. Өйткені, АҚШ-тың ірі мұнай штатындағы ең ықпалды шенеуніктердің бірі маусым айында ОПЕК-тің "қасиетті" жиынына шақырылды. Техас темір жол комиссиясының комиссары Райан Ситтон екі тарихи антагонистік мұнай державалары арасындағы сирек жақындасудың нәтижесінде, жұма күні ОПЕК-тің Бас хатшысы Мохаммад Баркиндо тарапынан топтың Венадағы жазғы жиналысына қатысуға шақырылды. Соған қарамай Ситтонның Техас штатындағы мұнай өндірісін шектеу туралы күтпеген хабарламасы 1970-ші жылдары өз агенттігінің қарсылығына қайшы келді және соған қарамай бұл АҚШ пен халықаралық мұнай орталықтарында жағымды әсер қалдырды.
Мен "Техас кереметін" ("сланец" негізіндегі "Техас экономикалық кереметі" дегенді білдіреді) қорғауда кез-келген идеяға ашықпын, бірақ консервативті және еркін нарықты қолдаушы ретінде менде бұл көзқарас туралы бірнеше ескерту бар", – деген комиссия төрағасы Вэйн Кристиан: "Егер Техас жеткізілімін тоқтатса, басқа елдердің немесе тіпті штаттардың өзі оның соңынан ілесетіндігіне кепілдік жоқ",- деп ескертті.
Бұл мәлімдемені екі түрлі мағынада қабылдауға болады: бір жағынан, комиссияның өзі қарсы дауысқа ие, ал екінші жағынан, қарсылық негізгі принциптерге байланысты емес (консерватизм мен нарықтық еркіндік туралы мәлімдемелерге қарамастан), бірақ алданып қалудан немесе мәміледен жалғыз ұтылғандар жағдайында қалып қоюдан қорқады. Бұл бас тарту емес, Венада толығымен талқылануы мүмкін "ескерту нышандары". Бұл кейбір мұнай компанияларынан осындай нұсқада сұрау түскендігін алға тарта отырып, реттеушінің өкілдері өздерінің нақты шараларды іздеумен және тұжырымдамамен айналысып жатқандығын көрсетеді (бірақ олар әлі шешімдер қабылданбағанын айтады).
"Техастың бірнеше мұнай компаниясы комиссияның өндірудің нормативті комиссиясын енгізуге орынды қызығушылық танытты", – деді реттеушінің өкілі.
Ал нормативті комиссия – бұл "әркім қанша өндіре алса – сонша немесе қалауынша өндіреді" деген режимнен шығып, "режим – кімге қанша рұқсат берсе, сонша өндіреді" режиміне алып келеді.
Бұл таңғаларлық шешім болып көрінуі мүмкін, бірақ бағаның күрт төмендеуі АҚШ-тың мұнай секторына икемділігіне байланысты осындай жағдайды көрсетіп отыр. Бұл ғажайыптың АҚШ-қа, кем дегенде, бейресми түрде дәл қазір ОПЕК-ке кіруі үшін немесе алдағы айларда өндірісті реттеу туралы халықаралық келісім жасасуы үшін жеткілікті екендігі алыс емес деген сөз. Қалай десек те, бұл бағытта белгілі бір ілгерілеулер бар.