Әлем

Әзербайжан президенті коронавируспен күресуге бір жылдық жалақысын аударды

Әзербайжанның коронавируспен күресуді қолдау қоры бастапқы кезде жиырма миллион манатпен толықтырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өзінің бір жылдық жалақысын коронавируспен күресуге берді, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

Әлиевтің табысы мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған коронавируспен күресуді қолдау қорына жіберіледі. Айта кетейік, Әзербайжан президентінің айлық жалақысы 15 мың манат (шамамен 9 мың доллар), ол елдің Сайлау кодексі арқылы белгіленген.

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирусқа байланысты транзиттік пойыздарды ел аумағына кіргізбейді 

Қорға бастапқыда президенттің резервтік қорынан 20 миллион манат (12 миллион доллар) аударылды. Барлық жеке және заңды тұлға қаржыны сол жерге аудара алады.

21 наурыздағы мәлімет бойынша Әзербайжанда 53 адам коронавирус жұқтырды. Олардың оны емделді, біреуі қайтыс болды.