НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысында бір адам коронавирус жұқтырды.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 58 науқас тіркелді", - деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Коронавирус эпидемиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол отыз тәулікке жалғасады. 19 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды.
Коронавирустың он ошағы: Алматы әкімдігі мекенжайды жариялады
Карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.