Қоғам

Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Министр Елжан Біртановтың бұйрығымен Айжан Есмағамбетова жаңа бас санитар дәрігер болып тағайындалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Жандарбек Бекшин Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметінен босатылды, оның орнына Айжан Есмағамбетова келді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бекшин денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары болғанын растаймыз. Министрдің бұйрығымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова жаңа бас санитар дәрігер болып тағайындалды", - деп атап өтті ол.

Айжан Есмағамбетова туралы не білеміз

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірді.

Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласының жетінші емханасында фельдшер-лаборант болып бастаған.

2017 жылдың қарашасынан бастап Айжан Есмағамбетова Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болды. Бұған дейін ол стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – Қазақстан бас санитар дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған.  

 2013-2014 жылдары – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитар дәрігер.