Қоғам

Марат Бекетаев: Коменданттық сағат енгізілмейді, төтенше жағдай жеткілікті  

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – 2 адам
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты коменданттық сағат енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коменданттық сағат енгізу мәселесі талқыланып та, қарастырылып та жатқан жоқ. Қазіргі таңда мемлекеттің қызметін қамтамасыз етуге және вирустың таралуын болдырмауға төтенше жағдай режимі жеткілікті", - деді Бекетаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Коронавирус эпидемиясы

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – 2.

Оқи отырыңыз: Алматыдан кеткен тұрғындар екі апта үйде отыруға міндеттелді

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.