Видео

Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео

19 наурыздан Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды. Әзірше, қалаға кіруге және шығуға рұқсат бар. Ал 22 наурызда барлық жолдарды толығымен жауап тастайды, тек арнайы рұқсат қағазымен ғана кіріп-шығуға болады
Sputnik

Қазіргі кезде қаланың айналасында 7 блокбекет орнатылған. Ол жерде әскерилер, полиция мен дәрігерлер кезекшілік атқарып жүр. Құқық қорғаушылар көліктерді тіркейді. Ал дәрігерлер арнайы құралдармен адамдардың дене қызуын тексеріп жатыр.

Карантиндік аймаққа Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы мен Шұбар ауылдары да кіреді. Ал бақылау-өткізу бекеттері осы елді мекендердің сыртында орналасқан. Сондықтан ауыл тұрғындары қалаға қатынай алады. 

Тағы оқыңыз: Алматыда тағы үш тұрғын үй карантинге жабылды