Экономика

Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді

Президент Ұлттық банктің, үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты.

Доллар тағы да қымбаттады: 19 наурыздағы валюта бағамы қандай

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы "теңге-доллар" саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

"Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.