НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады", - деп хабарлады Ақорда.
Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев теңгенің әлсіреуіне байланысты Ұлттық банкке тапсырма берді
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.