Өңірлер

Алматыдағы мешіттер карантин кезінде ашық бола ма?

Карантинге байланысты қаладағы мешіттің барлығы жабылып, қызметтер уақытша тоқтатылады. Бес уақыт намаз үйде өтеледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында карантин енгізілуіне байланысты қаладағы мешіттер уақытша қызметін тоқтатады. Бұл туралы қаладағы орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматыдағы карантинге байланысты қаладағы мешіттің барлығы жабылып, қызметтер уақытша тоқтатылады. Бес уақыт намаз мешіттерде оқылмайды, үйде өтеледі",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар мешіттердің жабылуына байланысты жұма намазы мешітте оқылмайды, оның орнына үйде бесін намазы өтеледі.

Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурызда елімізде төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа байланысты отыз күндік карантин енгізілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елорданың кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті, Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам тіркелді.