Фото

Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото

Sputnik

Дәрігерлер көмегіне жүгінген алғашқы танымал адамдардың бірі - Голливуд актері Том Хэнкс. Ол жұбайымен бірге коронавирусты Австралияда жұқтырған көрінеді. Бүгінде актер мен оның әйелі Рита Уилсон ауруханадан шығарылды.

Жауапкершіліктің ең жарқын үлгісін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо көрсетті. Ол әйелі Софиде коронавирус анықталғаннан кейін бірден өзі үйде оқшауланды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Әлемнің 150-ден астам еліндегі 160 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды. Олардың көпшілігі сауықты, алты мыңнан астамы қайтыс болды.

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшуде. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.

1 / 12
Америкалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған.
2 / 12
13 наурыз, жұма күні Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жұбайы Софи Грегуар-Трюдоның коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін өзін қоғамнан оқшаулағанын мәлімдеді. Ол Оттавадағы өз үйінде жұмыс істеп отырған суретін Twitter-де жариялады.
3 / 12
Канада премьер-министрінің әйелі Софи Грегуар-Трюдо Ұлыбританиядан оралған соң ауыра бастайды. Оның коронавирус сынағы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Софи Трюдо өзін жақсы сезінеді, сауығып келеді.
4 / 12
Англия премьер-лигасындағы "Челси " клубының жартылай қорғаушысы Каллум Худсон-Одои коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуін тілеген жанкүйерлеріне Instagram- да алғысын білдіріп, олардың үмітін ақтауға тырысатынын айтты.
5 / 12
Бразилия президенті Жаир Болсонару Флоридада америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездесуден кейін коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже берді.
6 / 12
Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің емделушілердің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырғаны анықталған соң қоғамнан оқшауланатынын айтты.
7 / 12
"Юта Джаз" клубының баскетболшысы Руди Гобер баспасөз мәслихатында коронавирус айналасындағы дүрбелеңге күліп, әдейі микрофондарды бәрін ұстап көргеннен кейін бір аптадан соң коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ұлттық баскетбол қауымдастығы "Юта" ойыншыларының сырқатына байланысты маусымдық ойындарды тоқтатты.
8 / 12
12 наурыз күні "Арсенал" жаттықтырушысы Микель Артетаға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соң, бір тәуліктен кейін премьер-лига клубтарының шұғыл жиналысы өтіп, Англия чемпионаты тоқтатылды.
9 / 12
Австралияның ішкі істер министрі Питер Даттон коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін мойындады. Ол ауруханаға жатқызылған, жағдайы жақсы екенін айтып отыр.
10 / 12
Туриндік "Ювентус" қорғаушысы Даниэле Руганиден де коронавирус инфекциясы табылды. Елдегі індетке байланысты Италия чемпионатының матчтары 3 сәуірге дейін тоқтатылды.
11 / 12
Украинадан шыққан француз актрисасы әрі модель Ольга Куриленко "Берлинале" кинофестивалінің қызыл кілемінде. Әлеуметтік желілердегі парақшасында актриса коронавирустың негізгі белгілері температура мен әлсіздік екенін жазды. Ол адамдарды сақ болуға шақырды.
12 / 12
Италия демократиялық партиясының жетекшісі әрі ел астанасындағы Лацио аймағының басқарушысы Никола Дзингаретти коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.