НҰР-СҰУЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамда коронавирус анықталғанын хабарлады.
"Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта елде 36 адамда анықталып отыр. Алматыда -18, астанада - 18 адам", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Коронавирус эпидемиясы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 30 тәулікке жалғасады.
19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа өңірлеріне коронавирустың таралуына жол бермеу үшін осындай шешім шығарды.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақ Қарағандыға қонды – жолаушылар карантинге алынды
Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады. Нұр-Сұлтан мен Алматыға осы қалаларда тіркелген азаматтар ғана кіре алады.