Қоғам

Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды

Қазіргі уақытта елде 33 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның 15-і- Алматыда, 18-і - астанада
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адамда коронавирус анықталды", - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта елде 33 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның 15-і- Алматыда, 18-і - астанада. 

Алматы мен астана карантинге жабылады

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі өз кезегінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының айналасында көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блок-посттар орнатады.

Министр Нұр-Сұлтан мен Алматыға тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар ғана кіре алатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады

16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, шектеу шаралары қабылданған еді.